Әлем футболы

Чемпиондар лигасының финалы Ыстамбұлда өтпейтін болды

Чемпиондар лигасының финалы Ыстамбұлда өтпейтін болды
news-banner7
mobile-news-top

Чемпиондар лигасының финалындағы «Манчестер Сити» мен «Челси» матчы Портуда өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі The Times басылымына сілтеме жасап.

УЕФА таяу арада мұны ресми түрде хабарлайтыны айтылды. Ойын Ыстамбұлда өтуі керек болған.

Дереккөз мәліметінше, әр клубтың жанкүйерлеріне 4500-ден 6000-ға дейін билет беріледі. БАҚ-та финал Лондонда өтеді деген де ақпарат болған, бірақ ұлыбританиялық билік шектеу шараларын жеңілдетуден бас тартқан.

Еске салайық, Чемпиондар лигасының финалы 29 мамырда өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер