Командалық

«Астана» баскетболшылары Қазақстан чемпионатында топ жарды

«Астана» баскетболшылары Қазақстан чемпионатында топ жарды
news-banner7
mobile-news-top

«Астана» баскетболшылары Қазақстан чемпионатының алтын медалін иеленді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Финалдық серияда елордалық клуб «Барсы Атырау» командасымен кездескен. «Астана» 7 және 8 мамырда өз алаңында 95:89 және 94:80 есебімен жеңді, ал бүгін, 12 мамырда, елордалық клуб Атырауда 88:65 есебімен басым түсті.

Осылайша, 2011 жылы құрылған «Астана» Қазақстан чемпионатында 9-рет топ жарып отыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер