Әлем футболы

Буффон «Барселонаға» ауысуы мүмкін

Буффон «Барселонаға» ауысуы мүмкін
news-banner7
mobile-news-top

«Ювентустің» қақпашысы Джанлуиджи Буффон осы маусымнан кейін «Барселонаға» ауысуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

Footmercato мәліметінше, каталониялық клубтың басшылығы 43 жастағы голкипермен келіссөз жүргізген. «Барселона» италиялық қақпашыны Марк-Андре Тер Штегеннен кейінгі екінші голкипер қылмақ.

Буффон «Ювентус» сапында 2001 жылдан бері ойнайды, тек бір маусым франциялық ПСЖ сапында болған. 11 мамырда Буффон осы маусымнан кейін туриндік клубтан кететінін хабарлаған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер