Әлем футболы

Салах Израиль мен Палестина қақтығысы жайлы: Әлем көшбасшыларын жазықсыз адамдардың өлімін тоқтатуға шақырамын

Салах Израиль мен Палестина қақтығысы жайлы: Әлем көшбасшыларын жазықсыз адамдардың өлімін тоқтатуға шақырамын
news-banner7
mobile-news-top

«Ливерпульдің» шабуылшысы Мұхаммед Салах әлем қауымдастықтарының көшбасшыларын Палестин мен Израиль арасындағы қақтығысты тоқтатуға көмектесуге шақырды.

Бірнеше күннен бері екі елде жарылыстар мен қақтығыстар тоқтамай тұр. Палестинаның ХАМАС қозғалысының жасаған ракеталық соққысынан соң Израиль жауапсыз қалмады. Қазірдің өзінде қос тарап жүздеген адамның өлгенін, мыңдаған адамның жарақт алып, баспанасынан айырылғанын хабарлады.

«Әлем көшбасшыларын, оның ішінде кейінгі төрт жылда үйіме айналған елдің премьер-министрін жазықсыз адамдардың өліміне себепші болған қақтығысты тоқтатуға қолынан келгенше көмектесуге шақырамын. Жеткілікті», – деп жазды Салах твиттер парақшасында Борис Джонсонға қарата.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер