Жеңіл атлетика

Төрешілерге арналған тренинг ұйымдастырылады

Төрешілерге арналған тренинг ұйымдастырылады
news-banner7
mobile-news-top

11-15 маусым аралығында Алматыда жеңіл атлетикадан спорт төрешілеріне арналған TOECS (Technical Officials Education and Certification System) халықаралық сертификаттау бағдарламасы бойынша курстар өтеді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Бұл тренинг Ғұсман Қосановтың «ХХХ Қосанов - 2021» мемориалына және Нұр-Сұлтанда 2022 жылы өтетін Азия Чемпионатына дайындық кезеңдерінің бірі болып саналады. Курстарға барлығы 40 адам қатысады.

Дәріс берушілер Федерацияның төрешілер жүйесінің жетекшісі Ольга Устьянцева және Беларуссия жеңіл атлетика федерациясының спорттық директоры Надежда Бут-Гусаим болады. Курстардың қорытындысы бойынша тестілеуден өткен барлық қатысушыларға тиісті сертификаттар беріледі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер