Әлем футболы

Чемпиондар лигасының финалы Портуда өтеді

Чемпиондар лигасының финалы Портуда өтеді
news-banner7
mobile-news-top

Чемпиондар лигасының финалдық матчы Ыстамбұлдан Портуға ауыстырылады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы италиялық журналист Алессандро Альчато Twitter парақшасында хабарлады. Ресми ақпарат алдағы 24 сағат ішінде жарияланады.

Финалда «Манчестер Сити» мен «Челси» кездеседі. Бұған дейін матчт Лондондағы «Уэмбли» стадионында немесе Лиссабондағы ареналардың бірінде өтуі мүмкін деген ақпарат болған.

Бұған Түркия елінде өршіп тұрған коронавирус індеті себеп болып отыр.

Егер ақпарат расталса, «Манчестер Сити» мен «Челси» арасындағы Чемпиондар лигасының финалы 29 мамырда Порту қаласындағы «Драгау» стадионында өтеді. Матч Нұр-Сұлтан уақытымен 01:00-де басталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер