Абылай Әуелханов: Азия чемпионатына үлкен дайындықпен бардық

Абылай Әуелханов: Азия чемпионатына үлкен дайындықпен бардық

Ауыр атлетикадан Азия чемпионатының күміс жүлдегері Абылай Әуелханов Olympic.kz сайтына шағын сұхбат беріп, ересектер арасындағы ең алғашқы додасы туралы пікір білдірді. 

- Осыған дейін жасөспірімдер арасындағы додаларға қатысып жүрдім. Ал Ташкенттегі Азия чемпионаты менің ересектер арасындағы алғашқы жарысым. Турнир өте жоғары деңгейде өтті. Құрлық бәсекесіне бес ай бойы тыңғылықты дайындалған соң, жарыс мен үшін қатты қиын болмады.

Турнирге дайындықты пандемияға байланысты таза ауада, далада өткізгенді жөн көрдік. Барлығы ойдағыдай, енді бұдан да жоғары нәтиже көрсету үшін жұмыс істейміз, - дейді спортшы.

Айта кетелік, Азия біріншілігінде Абылай Әуелханов Арли Чонтиге жол беріп, күміс жүлде иеленді. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0