ММА

Қазақстандық файтер Мират Бекішев OCTAGON 19 турнирінде Фарход Давлятовпен жекпе-жек өткізеді

Қазақстандық файтер Мират Бекішев OCTAGON 19 турнирінде Фарход Давлятовпен жекпе-жек өткізеді
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық файтер Мират Бекішев (1-1) 8 мамырда Алматыда өтетін OCTAGON 19 турнирінде өнер көрсетеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бекішевтің қарсыласы тәжікстандық Фарход Давлятов (3-0) болады. 25 жастағы Давлятов ММА-да алғашқы кездесуін осы жылдың қаңтарында өткізіп, бес айда үш рет жеңіске жетті.

Бекішев ММА-да алғаш рет 2012 жылдың қазанында бақ сынады. Соңғы жекпе-жегін 2015 жылдың мамырында өткізді. Содан бері файтер 2016 жылы ММА әлем чемпионатында қола жеңіп алды, 2018 жылы АҚШ-тың әйгілі спорт залы - Альбукерктегі Джексон Винк ММА-да жаттықты.

Турнирдің ресми серіктестері - TURAN суы мен 1XBET букмекер компаниясы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер