Басқа

Софья Берульцева Лиссабондағы сәтсіздікті түсіндірді

Софья Берульцева Лиссабондағы сәтсіздікті түсіндірді
news-banner7
mobile-news-top

Каратэден Қазақстан командасы үздіктерінің бірі Софья Берульцева Португалияның Лиссабон қаласында өткен Премьер-лига турнирінде жүлдесіз қалған болатын. Cпортшы енді жолдама жолындағы соңғы турнирде бар күшін салатынын айтты.

«Лиссабондағы турнирге каратэден әлемнің барлық үздіктері қатысты. Бәсеке өте жоғары деңгейде өтті. Өйткені, Олимпиада жақындап келеді. Сондықтан, бәріне де ұпай ауадай қажет. Өкінішке қарай, мен грек қызына есе жібердім. Нақты неден қате кеткенін білмеймін. Бұрын онымен бір рет кездесіп, жеңген едім. Бұл жолы қарсыласым есе қайтарды.

Енді біз 11-13 маусым күндері Парижде өтетін соңғы лицензиялық турнирге дайындалып жатырмыз. Аталған сында жүлделі үш орын алған спортшылар Токио Олимпиадасына жолдама алады. Сондықтан, бар күшімізді саламыз», - дейді спортшы.

Софья Берульцева өз салмағы бойынша әлемдік рейтингте 4-ші орында келеді.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер