Басқа

Яковлева: Олимпиадаға іріктеу жарысы алдындағы соңғы жаттығуға кірістік

Яковлева: Олимпиадаға іріктеу жарысы алдындағы соңғы жаттығуға кірістік
news-banner7
mobile-news-top

Регбиден Қазақстан әйелдер құрамасы Польшаның Гданьск қаласында шеберліктерін шыңдап жатыр. Бас бапкер Анна Яковлева кезекті жаттығу жиынының мақсаты туралы айтты.

- Қазіргі таңда спортшылар Польшада оқу-жаттығу жиынына қатысып жатыр. Жаттығудың мақсаты Олимпиада ойындарына іріктеу жарысына дайындық. Олимпиадаға іріктеу додасы 12-20 маусымда Монакада өтеді.

Жаттығу жиынға Польшаны таңдау себебіміз ауа райы, сағат белдеуі және спортшыларға жасалған жағдай іріктеу өтетін аймаққа ұқсайды.

Соңғы жиында біз спортшылардың командалық ойындағы әрекетін саралап, әр спортшыға қойылған тапсырма бойынша жұмыс істейміз, - дейді бас бапкер Анна Яковлева.

Айта кетерлігі, регбишілер мамырдың 19-ына дейін Польшада дайындықтарын пысықтайды.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер