Командалық

Рекорд: Майкл Джорданның формасы 1,38 миллион долларға сатылды

Рекорд: Майкл Джорданның формасы 1,38 миллион долларға сатылды
news-banner7
mobile-news-top

Баскетболшы Майкл Джорданның формасы 1,38 миллион долларға сатылды, деп хабарлайды Prosports.kz.

1982/83 жылғы маусымда Джордан Солтүстік Каролина Университетінің командасында ойнағаны белгілі. Онда NCAA финалында Хьюстон Университетінің командасын 54:52 есебімен жеңген болатын.

Спортшының формасы рекордтық сомаға сатылды. Бұған дейінгі рекорд Heritage Auctions аукционында орнатылған. Ол кезде Джордан «Чикаго» сапында киген 1986/87 жылғы маусымдағы 23-нөмірлі жейде 480 000 долларға сатылған.

Майкл Джордан - америкалық баскетболшы, екі дүркін Олимпиада чемпионы (1984, 1992), «Чикаго» сапында алты мәрте НБА чемпионы болған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер