Басқа

Льюис Хэмилтон Испания Гран-приін жеңіп алды

Льюис Хэмилтон Испания Гран-приін жеңіп алды
news-banner7
mobile-news-top

Барселонадағы «Каталунья» трассасында Формула-1 Испания Гран-приі аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жеті дүркін әлем чемпионы, Mercedes командасының өкілі Льюис Хэмилтон жарыс жеңімпазы атанды. «Ред Буллдағы» Ферстаппен екінші орын алды. Ал Хэмилтонның әріптесі Валттери Боттас мәре сызығын үшінші болып кесті.

Жеке есепте Льюис Хэмилтон 94 ұпаймен бірінші орынды сақтап қалды, Ферстаппен 14 ұпайға қалып келеді (80). 47 ұпайы бар Боттас үшінші орынға жайғасты.

Конструкторлар кубогында Мерседес көш бастап тұр - 141.

Күнтізбедегі келесі жарыс - 23 мамыр күні өтетін Монако Гран-приі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер