Хоккей

Йони Ортио «Барыспен» келісімшарт мерзімін ұзартты

Йони Ортио «Барыспен» келісімшарт мерзімін ұзартты
news-banner7
mobile-news-top

Финдік қақпашы Йони Ортио «Барыс» командасымен біржақты келісімшартты тағы бір маусымға 2022 жылдың 30 сәуіріне дейін ұзартты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Өткен маусымда Ортио «Барыс» сапында 2100 минуттан астам ойнады. 14 ойында командасының жеңіске жетуіне септігін тигізді, екі матчта қақпасына шайбы өткізген жоқ.

Маусым соңында «Барыс» Шығыс конференциясы кестесінде алтыншы орынға ие болды және Гагарин кубогының бірінші айналымында «Металлургтан» жеңілді (2-4).

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін «Барыс» командасынан бірден төрт ойыншы - қақпашы Сергей Кудрявцев, сондай-ақ қорғаушылар Джесси Блэкер, Диллон Хетерингтон және Алекс Линтуниеми кеткен болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер