Бокс

Сондерс Альвареске қарсы жекпе-жекті жалғастырудан неге бас тартқаны белгілі болды

Сондерс Альвареске қарсы жекпе-жекті жалғастырудан неге бас тартқаны белгілі болды
news-banner7
mobile-news-top

Жартылай орта салмақтағы WBO бұрынғы чемпионы ұлыбританиялық Билли Джо Сондерс мексикалық Сауль Альвареске қарсы кездесуде көз сүйегін сындырып алған, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі championat.com сайтына сілтеме жасап.

8 мамырда Арлингтондағы (Техас штаты, АҚШ) AT&T Stadium аренасында Канело мен Сондерс кездескен. Ұлыбританиялық боксшының командасы сегізінші раундтан кейін кездесуді тоқтатқан болатын.

DAZN Boxing мәліметінше, Сондерс көз сүйегін сындырып алған, сондықтан бапкер оны рингке қайта жібермеуге шешім шығарған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер