Басқа

Сергей Емельянов: Алғашқы бес минутта кімнің жеңгенін білген жоқпыз

Сергей Емельянов: Алғашқы бес минутта кімнің жеңгенін білген жоқпыз
news-banner7
mobile-news-top

Байдарка мен каноэде есуден Таиландта өткен Азия аймақтық іріктеу турнирінде ағайынды Емельяновтар Токио Олимпиадасына жолдама жеңіп алды. Olympic.kz сайтына сұхбат берген Сергей Емельянов турнирге дайындықтың қалай өткенін және жарыстан қандай әсер алғанын айтып берді.

«Тынымсыз еңбектің нәтижесін көргендегі сезім ерекше. Біздің топта ең соңына дейін талас болды. Алғашқы бес минут бойы біз кімнің жеңгенін біле алмадық. Тек бапкерлеріміз нақты нәтижені айтқанда ғана, көңіліміз жайланып, қуана жөнелдік. Дайындық жоспар бойынша жүргізілді. 2019 жылдан бастап осы турнирге мақсатты түрде дайындала бастадық.

Енді бұдан да жақсы жаттығатын боламыз, өйткені, алда Олимпиада ойындары күтіп тұр. Жақсы нәтиже көрсету үшін тырысамыз. Осы орайда бізге көмек көрсеткен барша жанкүйерлерге, бапкерлерге, федерацияға алғысымызды айтамыз. Бұл жеңісте бәрінің де үлесі бар», - деді Емельянов.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер