Велоспорт

Тректегі велоспорт: Қазақстандық спортшылар Италияда топ жарды

 Тректегі велоспорт: Қазақстандық спортшылар Италияда топ жарды
news-banner7
mobile-news-top

Италиядағы тректегі велоспорттан халықаралық турнир аяқталды. Рейтингілік бәсекеге Қазақстан атынан Сергей Пономарев пен Андрей Чугай қатысты.

Турнирдің бірінші және үшінші жарыс күнінде өткен спринтерлік жарыста қазақстандықтар жүлделі екі орынды өзара бөлісті. Спринтерлер додасында Сергей Пономарев алтын, Андрей Чугай күміс жүлдегер атанды.

- Бұл Токио Олимпиадасы қарсаңындағы маңызды турнирлердің бірі. Біз бұл доданы Олимпиадаға дайындық кезеңі деп қабылдаймыз, - дейді команда бапкері Валентин Савицкий.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер