Басқа

Нұр-Сұлтанда триатлоннан Азия чемпионаты өтеді

Нұр-Сұлтанда триатлоннан Азия чемпионаты өтеді
news-banner7
mobile-news-top

2021 жылдың 3-5 қыркүйегінде Орта Азияда алғаш рет астаналық Триатлон паркте триатлоннан Азия чемпионаты өтеді. Құрлықтық біріншілік 2021 жылғы триатлон маусымының басты додасына айналады.

Чемпионатта U19 (19 жасқа дейінгі), U23 (23 жасқа дейінгі) санатындағы спортшылар және Mixed Relay (эстафеталық командалар) қатысады. Он тоғыз жасқа дейінгі спортшылар 750 м жүзу, 20 км веложарыс пен 5 км жүгіруден тұратын спринтерлік қашықтықтағы Азия чемпионын анықтайтын болады. U23 санатындағы спортшылар одан екі есе ұзын олимпиадалық қашықтықтағы құрлық чемпионы атағы үшін сынға түседі. Құрамына екі екіден ер және әйелдер кіретін эстафеталық командалар 250 м жүзу, 6,6 км веложарыс пен 1,6 км жүгіруден құралатын қашықтықты тоқтаусыз бағындырады.

«Астанамызда құрлықтық чемпионатты өткізу құқығына ие болдық. Федерация басшысы Алдияр Қазтаевқа көрсеткен қолдауы үшін алғыс айтамын. Спортшыларымыз үшін бұл үлкен мүмкіндік – олар өз елінде жаттығып, додаға түсе алады. Елдегі біріншілікте жүлделі орындарға ие болу үшін қолдан келгенді жасауға тырысамыз», - деді ұлттық құраманың бас бапкері Нұржан Үсіпбеков.

Чемпионаттағы жеке есепте Азия елдерінен келген 130 спортшы (65 ер және 65 әйел) қатысады деп күтілуде. Сайыскерлер әлемдік рейтингтің ұпайлары үшін бәсекелеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер