Басқа

Атырауда Азия чемпионын мылтықпен атып өлтірген азамат сотталды

Атырауда Азия чемпионын мылтықпен атып өлтірген азамат сотталды
news-banner7
mobile-news-top

Оққа ұшқан спортшының ата-анасы қаскөйдің экс-полицей екені айтылмады десе, ауыр жаза арқалаған сол азаматтың туыстары әділ шешім шықпады деп сот залында шу шығарды.

Сегіз айға созылған қылмыстық іске соңғы нүкте қойылды. Греплингтен Азия чемпионы Есенбек Сиғуатовты аңшы мылтығымен атып өлтірген Мағзұм Бекет 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал қанды қылмысты жасырмақ болып қаруды суға лақтырып жіберген сыбайласы Бейімбет Дүйсенғалиев 3 жылға сотталды.

- Сотталған Мағзұм мен Дүйсенғалиевтен мемлекетті пайда жүргізу шығыны 715 712 теңге. Әрқайсына үлес тәртібімен 357 856 теңгеден өндірілсін. Мағзұмның жазасын қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғыры мекемесінде өтелу белгіленсін, - деп Атырау облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Тыныштық Нұрымова шешім шығарды.

Ал қайғыдан қан жұтқан спортышының ата-анасы сот үкімімен келіспейтінін айтты. «Жеңіл жазамен құтылды» деген ата-ана сотталушы тергеушілермен ауыз жаласқан деген күдікте. Өйткені қылмыс жасаған қос азамат та бұрынғы полиция қызметкерлері дейді. Марқұм Есенбек Сиғуатовтың әкесі сот залында баласының өліміне қатысты ең маңызды нәрселер айтылмай қалғанына сенімді.

- Біреуі бір айдай жасаған, ана Мағзұм Бекет. Мынау қызметкер болып кеткен. Жаңа сұрадым ғой. Осыған дейін қызметкер болып келген. Үкім шығарарда жұмыстан шығып кеткен болып қалған. Ол неге айтылмай қалды? Мен келіспеймін, - дейді марқұмның әкесі Тоқсанбай Оразғали.

18 жастағы Азия чемпионын былтыр тамызда өлтіріп кеткен. Марқұм Есенбек Сиғуатовты қала маңындағы төбелесте атып тастаған. Оны Мағзұм Бекет аңшы мылтығымен дәл жүрегінен атқаны сотта толық дәлелденді. Алайда басты қылмыскердің туыстары бұл үкіммен келіспейміз деп отыр.

Түпнұсқасы: ktk.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер