Басқа

Олимпиадаға іріктеу: Клинова жеңімпаз атанып, Токарницкий жолдамасыз қалды

Олимпиадаға іріктеу: Клинова жеңімпаз атанып, Токарницкий жолдамасыз қалды
news-banner7
mobile-news-top

Паттайяда (Таиланд) байдарка мен каноэде есуден Азия аймақтық іріктеу турнирі жалғасуда. Бүгін жарыс жолына шыққан қазақстандықтар қоржынға кезекті жүлдені салды.

Бір адамдық байдаркамен 200 метрге жарысудан Инна Клинова жеңімпаз атанды. Ол Жапония және Сингапур спортшыларын артта қалдырған.

Ерлер арасында 200 метрге байдаркамен жарысудан сынға түскен Сергей Токарницкий жолдамасыз қалды. Ол Оңтүстік Корея спортшысына жол берді. Турнир ережесі бойынша лицензия тек қана жеңімпаздарға беріледі.

Әйелдер арасында бір адамдық каноэмен 200 метрге жарысудан бақ сынаған Ольга Сурмина жарысты төртінші орынмен аяқтады.

Сондай-ақ, бір адамдық байдаркадан 1000 метрге жарысудан сынға түскен Кирилл Тубаев төртінші орынды қанағат тұтты.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер