Ел чемпионаты: «Қазығұрт-МарС» - «Астана Тайгерс» матчының тікелей трансляциясы
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңыз6 мамырда Ақтауда баскетболдан қыздар арасындағы Қазақстан чемпионатының қола меделі үшін үшінші кездесу өтеді, деп жазады Prosports.kz.
Ел чемпионатында үшінші орын алудан шымкенттік «Қазығұрт-МарС» пен елордалық «Астана Тайгерс» үмітті.
Алғашқы екі кездесуде елордалық баскетболшылар жеңді - 89:66 және 88:39. Бүгін тағы жеңіске жеткен жағдайда «Астана Тайгерс» ел біріншілігінде қола медаль алады.
«Қазығұрт-МарС» - «Астана Тайгерс» сериясындағы үшінші матч Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 16:15-те басталады.
Фото nbf.kz