Басқа

Байдарка мен каноэ есуден іріктеу турнир: екі спортшымыз финалға шықты

Байдарка мен каноэ есуден іріктеу турнир: екі спортшымыз финалға шықты
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық спортшы Сергей Токарницкий мен Инна Клинова байдарка мен каноэ есуден Азия іріктеу турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды Olympic.kz.

Таиландтың Паттайя қаласында байдарка мен каноэде есуден Азия іріктеу турнирі жалғасып жатыр.

Ерлер арасында бір адамдық байдаркамен 200 метрге жарысудан Сергей Токарницкий финалға жолдама алды.

Сондай-ақ әйелдер арасында дәл осы санатта сынға түскен Инна Клинова 42,641 нәтижесімен финалға шықты. Айта кетерлігі, финалдық кезең Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 14:00-де басталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер