Әлем футболы

УЕФА Суперлига клубтарын екі жылға дейін жазалауға дайын

УЕФА Суперлига клубтарын екі жылға дейін жазалауға дайын
news-banner7
mobile-news-top

УЕФА еуропалық Суперлига жобасынан бас тартпаған клубтарды жазалауға дайын, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі sport24 сайтына сілтеме жасап.

ESPN мәліметінше, УЕФА мұндай командаларды еурокубоктардан екі жылға шеттетпек. Бұл ұйымның қазіргі ережесі бойынша ең жоғары жаза.

Суперлигадан 7 команда бас тартқан: «Арсенал», «Атлетико», «Челси», «Ливерпуль», «Манчестер Сити», «Тоттенхэм» мен «Манчестер Юнайтед». УЕФА «Интермен» келіссөз жүргізіп жатыр. Суперлигадан әзірше «Ювентус», «Реал», «Барселона» мен «Милан» бас тартқан жоқ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер