Басқа

Таеквондодан лицензиялық турнирде ел намысын кімдер қорғайды?

Таеквондодан лицензиялық турнирде ел намысын кімдер қорғайды?
news-banner7
mobile-news-top

Таеквондодан Аммандағы лицензиялық турнирде Қазақстан құрамасының намысын кімдер қорғайтыны белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі таеквондо федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін, 6 мамырда, Амманда Қазақстан командасының халықаралық жиыны басталды.

Жаттығуға мына спортшылар шақырту алды: Ысқақ Елдос, Бірімбай Эльдар, Қайырбек Ерасыл, Сарымсақов Қайрат, Әділханов Рахым, Жапаров Руслан, Алданғорова Фариза мен Дениз Джансель.

Жиын 18 мамырға дейін созылады. 21-22 мамыр арасында Амманда таеквондодан Азия іріктеу турнирі өтеді. Олимпиада лицензиясы сарапқа салынатын турнирге Қайрат Сарымсақов (68 кг дейін), Руслан Жапаров (80 кг жоғары), Фариза Алданғорова (49 кг дейін) мен Джансель Дениз (67 кг жоғары).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер