Басқа

Наталья Сергеева Токио Олимпиадасына жолдама алды

Наталья Сергеева Токио Олимпиадасына жолдама алды
news-banner7
mobile-news-top

Таиландтың Паттайя қаласында өтіп жатқан байдарка мен каноэде есуден Азия аймақтық іріктеу турнирінде Қазақстан командасының мүшесі кезекті жолдаманы жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Әйелдер арасында бір адамдық байдаркамен 500 метрге жарысудан сынға түскен Наталья Сергеева жарыс жеңімпазы атанды.

Нәтижесінде, Қазақстан қоржынына келесі жолдаманы салды.

Айта кетерлігі, бұл байдарка мен каноэде есу спорты бойынша Қазақстан қоржынындағы екінші үшінші жолдама. Ағайынды Емельяновтар каноэде есуден Олмпиада лицензиясына иелік етсе, әйелдер арасында екі адамдық каноэде 500 м қашықтықта сынға түскен Маргарита Торлопова мен Светлана Усова жолдама жеңіп алған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер