Әлем футболы

Анчелотти Бэйлді Англияда қалдырғысы келеді

Анчелотти Бэйлді Англияда қалдырғысы келеді
news-banner7
mobile-news-top

«Эвертон» командасының бас бапкері Карло Анчелотти клуб басшылығынан «Реалдың» ойыншысы Гарет Бэйлді сатып алуды сұрады.

Қазіргі уақытта Бэйл «Тоттенхэмге» жалға берілген. Барлығы уэльстік ойыншы маусымның соңында Мадридке оралатындығын айтты. Футболшы мансабын «Реалда» жалғастырғысы келеді.

31 жастағы вингер осы маусымда барлық турнирлерде 30 ойын өткізіп, 14 гол соққан және 3 нәтижелі пас берген.

Айта кетейік, Бэйл мадрид «Реал» сапында Анчелоттидің қол астында екі маусым ойнап, Чемпиондар лигасын жеңіп алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер