RCC 9 турнирінде Ильяс Хамзин бразилиялық файтерді жеңді
![RCC 9 турнирінде Ильяс Хамзин бразилиялық файтерді жеңді](https://prosports.kz/upload/news/content//202105/203991_7683d26e2b5c31357e6e1d0e420ffc7c.jpg?v=28641640)
Омбылық қазақ Ілияс Хамзин (7-2) RCC 9 турнирінде сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Екатеринбургте өткен жекпе-жек кешінде 29 жастағы файтер бразилиялық Джуниор Маркеспен (10-1) кездесті.
Жартылай орта салмақтағы (77 кг) айқас жоспарланған үш раундқа созылып, төрешілер шешімімен Хамзиннің пайдасына аяқталды. Ілияс үшін бұл мансабындағы 7-ші жеңісі болды. 27 жастағы бразилиялыққа келетін болсақ, Маркес екінші жеңілісіне ұшырады.
Хамзин алғаш MMA алаңына 2018 жылдың қыркүйегінде шықты. Соңғы екі жарым жыл ішінде файтер 6 рет ұтып, екі рет жеңілді. Соңғы рет Ілияс сегізбұрышқа осы жылдың ақпан айында шығып, Борис Медведевтен техникалық нокаутпен ұтылып қалған еді.