Футзал

Футзалдан Чемпиондар лигасы финалының тікелей трансляциясы

Футзалдан Чемпиондар лигасы финалының тікелей трансляциясы
news-banner7
mobile-news-top

4 мамырға қараған түні хорватиялық Задарда футзалдан Чемпиондар лигасының финалы өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Финалда алматылық «Қайрат» АФК ойнамаса да, қазақстандық жанкүйерлерге финал қызық болуы керек. Себебі португалиялық «Спортинг» сапында Қазақстан құрамасының ойыншысы Тайнан бар.

Лиссабондық клубқа испаниялық «Барса» қарсы тұрады, турнирдің қазіргі жеңімпазы осы каталониялықтар. Олар биылғы маусымның жартылай финалында Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионын жеңген болатын.

Чемпиондар лигасы финалының тікелей трансляциясы Нұр-Сұлтан уақытымен 23:50-де басталады, оны мына СІЛТЕМЕДЕН қарауға болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер