3х3 баскетболдан Олимпиадаға іріктеу турнирінің жарыс кестесі жария болды
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызХалықаралық федерация 3х3 баскетболдан Олимпиадаға іріктеу турнирінің жарыс кестесін жариялады. Лицензия сарапқа салынатын дода 26-30 мамыр аралығында Австрияның Грац қаласында өтеді деп жазады Olympic.kz.
В тобында сынға түсетін қазақстандықтар жалпы есебі төрт матч өткізеді:
27 мамыр, 15:50 - Литва vs Қазақстан
27 мамыр, 18:20 - Қазақстан vs Бельгия
29 мамыр, 15:50 – Оңтүстік Корея vs Қазақстан
29 мамыр, 17:55 - Қазақстан vs АҚШ.
Іріктеу турнирінің ережесіне сәйкес, плей-офф сериясына өз тобында бірінші және екінші орын алған командалар өтеді.