Әлем футболы

«Реалдың» негізгі қорғаушысы жарақат алып қалды

«Реалдың» негізгі қорғаушысы жарақат алып қалды
news-banner7
mobile-news-top

«Реал Мадрид» Испания Ла лигасының 34-турында «Осасунаны» 2:0 есебімен жеңді, деп жазады Prosports.kz.

Осы ойында мадридтік клубтың қорғаушысы Рафаэль Варан жарақат алып қалды.

Француз футболшысы ойынның екінші таймына шыққан жоқ. Оның жарақатының ауыр-жеңілді қазірше белгісіз. Тіпті апта ортасында өтетін Чемпиондар лигасының жартылай финалындағы «Челсиге» қарсы ойынға қатыса алмауы да мүмкін.

Айта кетейік, бұған дейін «Реал Мадридтің» тағы бір қорғаушысы Дани Карвахаль да жарақат алып, биылғы маусымды ерте аяқтаған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер