Басқа

Формула-1. Валттери Боттас Португалия гран-приінің іріктеуінде топ жарды

Формула-1. Валттери Боттас Португалия гран-приінің іріктеуінде топ жарды
news-banner7
mobile-news-top

«Мерседес» командасының шабандозы Валттери Боттас Португалия гран-приінің іріктеуінде үздік нәтиже көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Финн шабандозы 1.18,348 уақытын көрсетіп, командаласын 0,007 секундқа озды. Екінші болып оның әріптесі Льюис Хэмилтон келді, үздік үштікті «Ред Булл» өкілі Макс Ферстаппен түйіндеді.

Формула-1. Португалия гран-приі. Іріктеу

  1. Валттери Боттас («Мерседес») —1:18.348
  2. Льюис Хэмилтон («Мерседес») — + 0,007
  3. Макс Ферстаппен («Ред Булл») — + 0,398
  4. Серхио Перес («Ред Булл») — + 0,542
  5. Карлос Сайнс-младший («Феррари») — 0,691
  6. Эстебан Окон («Альпин») — + 0,694
  7. Ландо Норрис («Макларен») — + 0,768
  8. Шарль Леклер («Феррари») — + 0,958
  9. Пьер Гасли («Альфа Таури») — + 1,127
  10. Себастьян Феттель («Астон Мартин») — + 1,311

Үшінші сегментке өтпегендер:

  1. Джордж Расселл («Уильямс») — 1:19.109
  2. Антонио Джовинацци («Альфа Ромео») — 1:19.216
  3. Фернандо Алонсо («Альпин») — 1:19,456
  4. Юки Цунода («Альфа Таури») — 1:19,463
  5. Кими Райкконен («Альфа Ромео») — 1:19,812

Екінші сегментке өтпегендер:

  1. Даниэль Риккардо («Макларен») — 1:19,839
  2. Лэнс Стролл («Астон Мартин») — 1:19,913
  3. Николас Латифи («Уильямс») — 1:20,285
  4. Мик Шумахер («Хаас») — 1:20,452
  5. Никита Мазепин («Хаас») — 1:20,912.

Осылайша, Боттас карьерасында 17-ші поулқа қол жеткізді. Сонымен қатар, ол Хэмилтонның тарихи жетістігін кейінге қалдырды, себебі ұлыбританиялық шабандоз бүгін жеңгенде, Формула-1 жарысындағы 100-ші поул еншілер еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер