Әлем футболы

Неймар ПСЖ-мен келіссөз жүргізіп жатқанын мәлімдеді

news-banner7
mobile-news-top

Бразилиялық шабуылшы Неймар ПСЖ командасымен келісімшарт мерзімін 2026 жылға дейін ұзартатынын мәлімдеді.

Жаңа келісімшарт бойынша футболшы жылына 30 миллион еуро жалақы алады. ПСЖ келісімшарттың ұзартылғаны жөнінде ресми мәлімдемені алдағы бір-екі күнде хабарлайды деп күтілуде.

«ПСЖ-мен келіссөз жүргізіп жатырмыз. Ешқандай қысым жоқ, барлық мәселе бойынша келісімге келдік.

Қазір көңілім тыныш. Мен мұнда шынымен бақыттымын», – деді футболшы.

Бұған дейін «Барселона» Неймар қайта қатарына қосуы мүмкін деген ақпарат шыққан еді. Mundo Deportivo басылымының мәліметінше, бразилиялық ойыншымен кезінде бірге ойнаған футболшылар осындай шешімін айтқан.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер