Футзал

Игита: Алаңнан қуылғаным үшін кешір, Қазақстан

news-banner7
mobile-news-top

«Қайрат» АФК капитаны Игита Чемпиондар лигасының ширек финалы аясында өткен «Бенфикаға» қарсы матчта алаңнан қуылғаны үшін жанкүйерлерден кешірім сұрады.

Екінші таймда Игита екінші сары қағазын алып, алаңнан қуылды. Оның орнына 19 жастағы Нарун Серіков шықты. Дегенмен алматылық команда овертаймда 6:2 есебімен жеңіске жетті.

«Алаңнан қуылдым. Төреші дұрыс шешім қабылдады. Жеңіске жетем деп өзімді ұстай алмай қалдым.

Бірақ біздің қаһармандар, әсіресе Нарун Серіков алаңнан қуылғанымды білдіртпей, жоғары деңгейде ойнады.

Алаңнан қуылғаным үшін кешір, Қазақстан... Жанкүйерлердің уайымдатқанымды түсінемін» – деп жазды Игита инстаграм-парақшасында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер