Жеңіл атлетика

Аян Бейсенбаев триатлоннан Токио Олимпиадасына іріктеу сындарына қатыспайды

Аян Бейсенбаев триатлоннан Токио Олимпиадасына іріктеу сындарына қатыспайды
news-banner7
mobile-news-top

Триатлоннан Қазақстан командасының белді мүшесі, 2018 жылғы Азия ойындарының күміс жүлдегері Аян Бейсенбаев Токио Олимпиадасының лицензиясына үміткерлер қатарынан шығып қалды.

Бас бапкер Нұржан Үсіпбековтің сөзінше, Аян Бейсенбаев құрлықтағы үздіктердің бірі Оскар Коггинске қарсы қажетті ұпай санын жинай алмайды. Сол себепті жеке бапкерімен ақылдаса келе лицензияға таласты тоқтатты.

Айта кетелік, Жапонияда өткен Азия аймақтық іріктеу турнирінде Аян Бейсенбаев 9-шы, Арина Шульгина 5-ші орын алған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер