Әлем футболы

Еуропа чемпионатына әр құрама 26 ойыншы апара алады

Еуропа чемпионатына әр құрама 26 ойыншы апара алады
news-banner7
mobile-news-top

2021 жылғы футболдан Еуропа чемпионатында ойнайтын ұлттық құрамалар чемпионатқа 26 ойыншы апара алады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Коронавирус пандемиясына байланысты футболшыларға қысым артқандықтан, УЕФА құрама тізімін кеңейтуге рұқсат берді. Енді әр құрама тізімге бұрынғыдай 23 емес, 26 ойыншы тіркей алады.

Айта кетейік, Еуропа чемпионаты 11 маусымда 11 шілде аралығында өтеді. Чемпионат ойындары Санкт-Петербург, Амстердам, Баку, Будапешт, Бухарест, Глазго, Копенгаген, Лондон, Рим, Мюнхен және Севилья сынды 11 қалада өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер