Әлем футболы

«Арсенал» 19 жастағы ойыншымен жаңа келісімшарт жасасты

«Арсенал» 19 жастағы ойыншымен жаңа келісімшарт жасасты
news-banner7
mobile-news-top

«Арсенал» футбол клубы жас шабуылшы Фоларин Балогунмен ұзақ мерзімді келісімшартқа қол қойды, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы лондондық клубтың ресми сайты хабарлады.

19 жастағы Балогун «Арсеналдың» түлегі. Ол енді туған командасы сапында 2025 жылға дейін өнер көрсетеді. Оның клубпен қазіргі келісімшарты 2021 жылдың жазында аяқталады.

Айта кетейік, Балогун осы маусымда Англия премьер-лигасында бірде-бір матч өткізген жоқ. Бірақ Еуропа лигасында 5 ойынға қатысып, 2 гол соқты және 1 нәтижелі пас берді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер