Әлем футболы

Перес УЕФА-ны сотқа береді

Перес УЕФА-ны сотқа береді
news-banner7
mobile-news-top

Мадридтік «Реал» президенті Флорентино Перес Суперлига құра алмаған соң УЕФА-ны сотқа бермек ниетін білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Флорентино «Манчестер Юнайтед», «Арсенал», «Челси», «Тоттенхэм», «Манчестер Сити», «Ливерпуль», «Реал Мадрид», «Барселона», «Атлетико», «Интер», «Милан» және басқа клубтар кіргісі келетін жаңа еуропалық турнирдің басшысы болмақ.

Алайда, Суперлига УЕФА-ның қатаң сынына ұшырады. Кейіннен бірнеше ағылшын клубтары Суперлигадан кетті. Турнир заң жүзінде жұмысын жалғастыруда.

Перес УЕФА монополияларға қарсы заңнаманы бұзды деп санайды және ұйымды сотқа бермекші.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер