ММА

Макгрегордың егізіне сот үкім шығарды

Макгрегордың егізіне сот үкім шығарды
news-banner7
mobile-news-top

34 жастағы ағылшын Марк Най өзін UFC жұлдызы Конор МакГрегор ретінде таныстырып, есірткі сатумен айналысқан. Бірақ қырағылық танытқан британдық полиция алаяқты ұстады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Най одан әрі тарату мақсатында А класындағы есірткіні сақтағаны үшін кінәлі деп танылды. Осы қатардағы есірткілерге героин, кокаин, экстази және LSD жатады. Марк Лондонның шетінде 11 ақпанда қамауға алынды.

Ер адам өзін офицерлерге «Конор» деп таныстырған.

Сот бұл істі қарап, өз үкімін шығарды. Ол енді 2 жыл 9 айды темір тордың ар жағында өткізеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер