Ауыр атлетика

Артем Антропов Азия чемпионатында жүлдегерлер қатарынан көрінді

Артем Антропов Азия чемпионатында жүлдегерлер қатарынан көрінді
news-banner7
mobile-news-top

Ауыр атлетикадан Азия чемпионатында ерлер арасында 102 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үздіктер анықталды, деп хабарлайды ҰОК сайты.

Құрлықтық біріншілік Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында өтіп жатыр. Бүгін, 24 сәуір күні аталған салмақ дәрежесінде Қазақстан сапынан Рахат Бекболат пен Артем Антропов қатысты.

Нәтижесінде, Артем Антропов қоссайыс нәтижесі бойынша 390 (168+222) келіні бағындырып, қола жүлдеге ие болды. Ал 386 (173+213) келіні көтерген Рахат Бекболат жарыста бесінші болды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер