ММА

Daily Express: Макгрегор «Юнайтедті» сатып алуға бар байлығы жетпейді

Daily Express: Макгрегор «Юнайтедті» сатып алуға бар байлығы жетпейді
news-banner7
mobile-news-top

Daily Express басылымы екі салмақ дәрежесінде бұрынғы UFC чемпионы Конор Макгрегор англиялық «Манчестер Юнайтедті» сатып алуға мүмкіндігі қандай екенін жазды.

Спортшы клубты алу туралы ойланып жүргенін Twitter-дегі парақшасында жазды.

«Жігіттер, «Манчестер Юнайтедті» алу туралы ойланып жүрмін. Сіз бұған не дейсіз?», - деп жазды Конор.

Бұған жауап ретінде Daily Express басылымы файтердің клубты сатып алуға мүмкіндігі жоқ екенін жазды.

«Макгрегор «Юнайтедтің» директорлар кеңесінде орын алғысы келгенімен жақын уақытта ол мүмкін емес. 32 жастағы спортшының байлығы 252 миллион долларды құрайды. Бұл «Юнайтед» секілді клубты сатып алуға жетпейді.

Forbes мәліметінше «қызыл сойқандардың» нарықтағы құны $ 3 млрд құрайды. Макгрегор 20 мәрте лотереяны жеңіп алса да, Глейзерлер оған өз үлесін сата қоймас», — деп жазды басылым.

Айта кетейік, бұған дейін «Манчестер Юнайтедтің» иесі америкалық Глейзер отбасы клубты сатуды ойластырып жатыр деген ақпарат шыққан. Оған Суперлига жобасының сәтсіздікке ұшырауы себеп болған секілді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер