Дамир Исмағұлов Қазақстанның туын мазақ еткен қарсыласына жауап қайтарды
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызUFC спортшысы Дамир Исмағұлов Қазақстанның туын мазақ еткен қарсыласына жауап қайтарды.
Этникалық қазақ Дамир Исмағұлов пен бразилиялық Рафаэль Алвес арасындағы жекпе-жек 16 мамырда Хьюстонда (Техас, АҚШ) өтеді.
Кездесу қарсаңында 29 жастағы Рафаэль Алвес Instagram парақшасында егеуқұйрықтарды өлтірген сәтінен видео жариялап, Қазақстан туы бейнеленген эмодзилерді қолданды.
Енді бұл ар-намыс мәселесі! Саған шыдамды болуды тілеймін, өйткені сені 3 раунд бойы соққының астына аламын - бұл өте ауыр болады! @sayatus бұл жігіттің енді менің олжам екенін бәріне түсіндіріңіз! Қазақ халқының қандай ұлы тарихы бар екенін әлі білмейсің", - деп жазды Исмағұлов.
Айта кетейік, 30 жастағы Исмағұлов 2019 жылдың тамыз айынан бастап жарақат салдарынан октагонға шықпады. Ол соңғы жекпе-жегін бразилиялық Тиаго Мойзеске қарсы өткізді. Қытайда өткен турнирде Исмағұлов төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіске жетті.