Күрес

Дәулет Ниязбековтың Азия чемпионатына қатыспау себебі айтылды

Дәулет Ниязбековтың Азия чемпионатына қатыспау себебі айтылды
news-banner7
mobile-news-top

Күрес түрлерінен Алматыда өткен Азия чемпионатына әлем біріншілігінің жүлдегері Дәулет Ниязбеков қатысқан жоқ. Бас бапкер балуанның құрлық додасынан не себепті сырт қалғанын айтты деп жазады Olympic.kz.

"Дәулет жарыстың басталуына екі күн қалғанда жарақаттанып қалды. Сол себепті, Азия біріншілігіне бұл жолы қатыса алмады. Оның орнына Әділ Оспанов есімді жас спортшыны қосқан едік. Ол Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері. Алайда, Әділ бірінші белдесуінде ұтылып қалды", - дейді бас бапкер.

Еркін күрестен елімізде өткен Азия чемпионатында қазақстандық балуандар бес медаль жеңіп алды. Талғат Сырбаз (70 келі), Нұрғожа Қайпанов (74 келі) және Олег Болтин (125 келі) чемпион атанса, Адлан Асқаров (61 келі) пен Әлішер Ерғали (97 келі) күміс медаль иеленді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер