Әлем футболы

«Реал» «Кадисті» ірі есеппен жеңді (+бейнешолу)

«Реал» «Кадисті» ірі есеппен жеңді (+бейнешолу)
news-banner7
mobile-news-top

Мадридтік «Реал» сырт алаңда «Кадисті» ірі есеппен жеңіп, Испания чемпионатында уақытша бірінші орынға шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Корольдік клуб ойын тағдырын бірінші таймда шешіп тастады. Үзіліске дейін қонақтар сапында Карим Бензема дубль жасаса, Одриосола бір гол соқты.

Осы жеңістен соң «Реал» 70 ұпай жинап, көш басындағы «Атлетикомен» теңесті. Бірақ «Атлетико» өз матчын әлі өткізген жоқ, сондықтан бұл клуб бірінші орынға қайта шығуы мүмкін. 22 сәуірде «Атлетико» өз алаңында чемпионат аутсайдерлерінің бірі «Уэсканы» қабылдайды.

Футболдан Испания чемпионаты. Примера дивизион. 31-тур
«Кадис» (Кадис) – «Реал» (Мадрид) 0:3 (0:3)
Голдар:
0:1 – Бензема (30, пен), 0:2 – Одриосола (33), 0:3 – Бензема (40)

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер