Әлем футболы

«Тоттенхэмді» 29 жастағы маман жаттықтырады

«Тоттенхэмді» 29 жастағы маман жаттықтырады
news-banner7
mobile-news-top

Райан Мейсон «Тоттенхэм Хотспур» футбол клубының бас бапкері қызметін уақытша атқарады, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі ресми хабарлады.

29 жастағы маманға Крис Пауэлл мен Найджел Гиббс көмектеседі. Мишель Форм қақпашылардың жаттықтырушысы болады.

Мэйсон — «Тоттенхэмнің» өз түлегі. 26 жасында дәрігерлердің ұсынысы бойынша мансабын аяқтаған. Содан бері клубта жаттықтырушы болып жұмыс істеп жүр.

Айта кетейік, лондондық клуб кеше ғана Жозе Моуриньюді бас бапкер қызметінен босатқан болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер