Жастар арасындағы әлем чемпионаты: 10 қазақстандық боксшы жартылай финалда жұдырықтасады
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызБүгін, 28 сәуір күні Польшаның Кельц қаласында бокстан жастар арасындағы әлем чемпионатының жартылай финалдық жекпе-жектері өтеді, деп хабарлайды Olympic.kz.
Қазақстан сапынан шаршы алаңға 10 спортшы шығып, финалдық жолдаманы сарапқа салады. Жарыстың күндізгі сессиясы Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 18:00-де басталады.
Жұлдыз Шаяхметова (60) - Дилфуза Бекова (Өзбекстан)
Жасмин Кизатова (69) - Барбара Марчинковска (Польша)
Асель Сағатова (81) - Ксения Олифиренко (Ресей)
Дана Дидай (75) - Сохиба Рузметова (Өзбекстан)
Елдана Талипова (+81) - Дарья Козорез (Молдова)
Кешкі сессия елорда уақытымен сағат 21:00-ге жоспарланған.
Санжар Ташкенбай (49) - Бишвамитра Чонгтам (Үндістан)
Ерболат Сабыр (56) - Алексей Шендрик (Ресей)
Сабыржан Аққалықов (64) - Анкит Нарвал (Үндістан)
Диас Молжігітов (75) - Михаил Усов (Ресей)
Елнұр Сүйінбай (60) - Джон Оробио (Колумбия)