Әлем футболы

Ресми: Моуринью «Тоттенхэмнен» кетті

Ресми: Моуринью «Тоттенхэмнен» кетті
news-banner7
mobile-news-top

Жозе Моуринью «Тоттенхэм Хотспур» футбол клубының бас бапкері қызметінен кетті, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі ресми хабарлады.

«Тоттенхэм» қазіргі сәтте Англия премьер-лигасының турнирлік кестесінде жетінші орында тұр. Соңғы бес ойында екі рет жеңіліп, екі ойында тең ойнады, тек біреуінде ғана жеңіске жетті.

Моуриньо «Тоттенхэм» тізгінін 2019 жылдың күзінде ұстаған. Бірақ команда әлі ешбір чемпиондық атаққа қол жеткізе алмады. Өткен маусымда АПЛ-де алтыншы орынға ие болды.

Айта кетерлігі, Моуриньо алғаш рет чемпиондық атақсыз қызметінен қуылып отыр. Ол бұған дейін баптаған командаларымен жүлде алмаған кезі жоқ.

Жозе Моуринью Еуропадағы ең беделді жаттықтырушылардың бірі. УЕФА оны 1954 жылы ұйым құрылғаннан бергі ең үздік бапкерлер тізміне қосқан. Аталған тізімде ол үздік ондыққа енген. Португалиялық маман «Порту», «Челси», «Интер», «Реал Мадрид», «Манчестер Юнайтед» секілді клубтарды бастап, толағай табысқа жеткен.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер