Күрес

Алтынай Сатылған: Финалға шығуыма жарақатым кедергі болды

Алтынай Сатылған: Финалға шығуыма жарақатым кедергі болды
news-banner7
mobile-news-top

Әйелдер күресінен 57 келіге дейінгі салмақта Азияның қола жүлдесін еншілеген қазақстандық Алтынай Сатылған Olympic.kz сайтына жарысты қорытындылап берді. Құрлықтық біріншілікте алтын алуына не кедергі болғанын да жасырмады.

«Негізі Азия чемпионы болып, жарыста топ жаруға мүмкіндік болды. Алғашқы белдесулерде өзіме сенімсіздік танытып, дұрыс кірісе алмадым.

Одан кейін енді күресіп келе жатқанымда аяғымды ауыртып алдым. Жартылай финалдық бәсекеде бұлшықетімді ауыртып алғаным кедергі болып, финалдан тыс қалдым. Күрес түрлерінен лицензия үлестірілетін соңғы жарыс қалды. Бұл салмақ бойынша біз Эмма Тисина екеуміз бірге дайындалып келе жатырмыз.

Ол құрамада бірінші нөмерлі спортшы. Сондықтан, Алматыдағы лицензиялық додаға Эмма Тисина қатысты. Келесі бәсекеге кімнің баратыны белгісіз. Құрамадағы бапкерлер осы жарыстың нәтижесіне қарай әрі қарай лицензиялық жарысқа кімнің баратыны шешіледі деген болатын. Әрине, лицензия алып, Олимпиадаға бару әр спортшының арманы. Сол үшін тынбай жұмыс істейтін боламыз», - дейді Алтынай Сатылған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер