ММА

Дамир Исмагулов жекпе-жегіне дайындығын бастап кетті

Дамир Исмагулов жекпе-жегіне дайындығын бастап кетті
news-banner7
mobile-news-top

Этникалық қазақ Дамир Исмагулов UFC 262 турнирінде жекпе-жегіне дайындығын бастап кетті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

16 мамырда АҚШ-та өтетін аралас жекпе-жек кешінде Дамир Исмагулов кезекті айқасына шығады. Қарсыласы бразилиялық Рафаэль Альвес (19-9) болады.

Дамир Исмагулов жекпе-жекке дайындалу үшін арнайы лагерьге келіп, жаттығып жатыр.

Жақында ол UFC-мен жаңа келісімшарт жасасты. Ресейлік файтердің UFC-мен жаңа келісімшарты 4 жекпе-жекке есептелген.

Айта кетейік, Исмагулов UFC-дегі дебютін 2018 жылы желтоқсанда өткізді. Содан бері америкалық промоушен туы астында үш жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жетті. Бірақ 2019 жылы Тиаго Мойзеті жеңгеннен бері жарақатына байланысты октагонға шыққан жоқ.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер