ММА

UFC чемпионы Ян Блахович UFC 266-да чемпиондық атағын қорғайды

UFC чемпионы Ян Блахович UFC 266-да чемпиондық атағын қорғайды
news-banner7
mobile-news-top

Жартылай ауыр салмақта UFC-дің қазіргі чемпионы Ян Блахович келесі жекпе-жегінің күнін анықтады, деп хабарлайды Prosports.kz.

38 жастағы поляк 4 қыркүйекте өтетін UFC 266 турнирінде өнер көрсетеді. Блаховичтің қарсыласы бразилиялық Гловер Тейшейра болады. 41 жастағы Гловер жартылай ауыр салмақтағы титул үшін бұрын таласқан еді. 2014 жылдың сәуірінде ол Джон Джонстан UFC 172-де төрешілер шешімімен жеңіліп қалды. Тейшейра 2019 жылдың қаңтарынан бері бес жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен.

Блаховичке келетін болсақ, Ян өткен қыркүйекте Доминик Рейесті нокаутқа жіберіп, титулға қол жеткізді. Ал жақында ғана өткен UFC 259 турнирінде Израиль Адесаниядан басым түсіп, бебеуін сәтті қорғады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер