Ермек Қуантаев «Таразға» ауысуы мүмкін

news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық қорғаушы Ермек Қуантаев «Тараз» командасының сапына қосылуы мүмкін. Бұл туралы Meta-ratings.kz сайты хабарлады.

«Тұранның» ойыншысы алдағы уақытта мансабын «Таразда» жалғастыруы мүмкін. Жаңа басталған чемпионатта көшбасшылар қатарында жүрген жамбылдық команда қорғаныс шебінде ойнайтын футболшыға зәру.

Ермек Қуантаевтың «Тұрандағы» өзінің жағдайы, оған қоса команданың чемпионаттағы орны көңілінен шықпайтын көрінеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер