«Команданың рухы мықты». Елдос Ахметов - «Тұранға» қарсы матч туралы

«Команданың рухы мықты». Елдос Ахметов - «Тұранға» қарсы матч туралы
news-banner7
mobile-news-top

«Тараз» қорғаушысы Елдос Ахметов клубтың баспасөз қызметіне «Тұранмен» өткен ойын туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

- Елдос, жеңіс құтты болсын! Ойынды қалай бағалайсың?
- Жеңіл матч болған жоқ. Дегенмен бізге қажетті нәтижеге қол жеткіздік. Ойынның бірінші кезеңінде есеп ашатын мүмкіндіктеріміз болды. Алайда оларды пайдаға жарата алмадық. Қалай десек те жеңіс біздің қоржында.

- Жалпы «Тараздың» ойын мәнері туралы не айтасың?
- Қазір команданың рухы мықты. Бапкерлер мен ойыншылар бір бірін жақсы түсінеді. Жаттығуда да, ойын кезінде де соңына дейін бар күшін салады. Бұл өте маңызды. Тағы назар аударатын жағдай, біз әрі ойында алаңға шын мәнінде жеңіске жету үшін шығамыз.

- «Тұранмен» ойынның соңына 15 минут уақыт қалғанда тең нәтижеге мойынсұндың ба әлде жеңіске деген сенім болды ма?
- Мойынсұнғымыз келмеді. Бізде турнир кестесіндегі көшбасшылармен теңесетін тамаша мүмкіндік барын сезіндік. Оны жіберіп алмауды ойладық. Гол соғар алдында ойында аздаған үзіліс болғанда, бір бірімізді «жігіттер, гол соғайық» деп желпіндірдік.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер